29 қараша-ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы

image.png

Изетов Сержан Сапаргалиевич - 1966 жылы 9 ақпанда Балқаш ауданы Бақанас ауылында дүниеге келген. Қазіргі уақытта Алматы облысы Балқаш ауданы Желторанғы ауылында тұрады.

1992 жылы ауыл шаруашылығы техникумын «Ветеринарлық фельдшер» мамандығы бойынша тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2011 жылы ветеринарлық фельдшер қызметінен бастап, қазіргі уақытқа дейін осы салада еңбек етіп келеді.      

Қызмет атқару барысында бастамашылдығымен, қоғамдық мәселелерге бейжай қарамайтындығымен және халықтың мүддесіне қатысты мәселелерге жауапкершілікпен қарайтындығымен ерекшеленеді.

 

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Халыққа қолайлы жағдай қалыптастыру үшін көшелерді жарықтандыру, жол қатынасын жақсарту, қоғамдық орындарды жаңарту секілді өзекті мәселелерді бірінші кезекте қолға аламын.

Ауылдардың заманауи талаптарға сай дамып, көрікті елді мекенге айналуына үлесімді қосамын.  Әрбір тұрғынның туған жерге деген жанашырлығын арттыратын экологиялық бастамалардың жүзеге асуына барынша қолдау көрсетемін.

Туристік мүмкіндіктерді тиімді пайдалану. Өңіріміздің табиғи байлығы мен тарихи ерекшеліктерін кеңінен таныту арқылы туризм саласының дамуына серпін беруге атсалысамын. Туристерді тартуға мүмкіндік беретін нысандарды дамытуға және осы бағыттағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға күш саламын.
  Медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, емдеу мекемелерінің қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі мәселелерін назардан тыс қалдырмаймын. Сонымен қатар білім беру ұйымдарының жағдайын жақсарту, оқушылардың сапалы білім алуына және олардың қабілеттерін дамытуға мүмкіндік туғызу бағытындағы жұмыстарға қолдау білдіремін.
 Ауыл экономикасын жандандырудың маңызды тетігі – шағын және орта бизнесті дамыту. Осы бағытта жергілікті кәсіпкерлердің ұсыныстарын қолдап, жаңа кәсіп түрлерін ашуға, сауда-саттық саласын өркендетуге және тұрғындарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік беретін бастамалардың жүзеге асуына ықпал етемін.
  Жастардың қоғамдық өмірге араласуына, еріктілік қозғалысына және азаматтық бастамаларына қолдау көрсету. Ауыл жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, мәдени және спорттық іс-шараларды дамыту жөніндегі ұсыныстар енгізу.

Жас мамандарды ауылда тұрақтандыруға және олардың кәсіби әлеуетін іске асыруға бағытталған шараларды қолдау.

Өскелең ұрпақтың спортқа, өнерге және қоғамдық жұмыстарға қызығушылығын арттыруға басымдық беремін.

Ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізуіне, спорттық жарыстар мен мәдени іс-шараларға қатысуына жағдай жасауға атсалысамын. Жастардың бастамашылдығы мен шығармашылық ізденістерін қолдауды маңызды міндет деп санаймын.
Менің мақсатым – тек бүгінгі мәселелерді шешуге атсалысу ғана емес, ауылдардың ертеңгі дамуына берік негіз қалыптастыру.

Ауыл шаруашылығы саласының өркендеуіне жағдай жасау;- Жастар кәсіпкерлігін қолдау бағдарламаларын насихаттау.

Білім мен денсаулық – ұлт болашағы - Білім беру мекемелерінің материалдық жағдайын жақсарту мәселесін көтеру;

Ауылдық жерлердегі медициналық қызмет сапасын арттыруға ықпал ету;

- Балалардың сапалы білім мен тәрбие алуына қолдау көрсету;

Спорт пен бұқаралық мәдениетті дамыту.

Жастар мен әлеуметтік осал топтарды қолдау- Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру;

Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың мәселелерін назарда ұстау;

- Ардагерлер мен қарттарға құрмет көрсету;

Ерекше қажеттілігі бар азаматтарға қолайлы орта қалыптастыруға атсалысу.

Тазалық пен экологиялық мәдениет  «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасын қолдау;

Аудан аумағын көгалдандыру және көркейту;

Заңсыз қоқыс орындарының алдын алу;

Қоршаған ортаны қорғау жұмыстарын жандандыру.

Халықпен ашық әрі тұрақты байланыс;

 Тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізу;

Халықтың өтініштері мен ұсыныстарын назардан тыс қалдырмау;

Ауыл экономикасының негізгі тірегі – ауыл шаруашылығы мен шағын кәсіпкерлік. Сондықтан ауыл тұрғындарының өз кәсібін ашып, шаруашылығын кеңейтуіне мүмкіндік жасауға ерекше көңіл бөлемін.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие беру мүмкіндіктерін кеңейтуге, жеке қосалқы шаруашылықтарды, отбасылық кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға жәрдемдесемін.

Әсіресе жастар мен әйелдердің кәсіпкерлік бастамаларын қолдауды маңызды міндет санаймын. Өз ісін ашуға ниетті азаматтарға арналған мемлекеттік гранттар мен жеңілдетілген несиелердің қолжетімділігін арттыру, өтінім беру және құжат жинау барысында түсіндіру, ұйымдастырушылық көмек көрсету мәселелерін назарда ұстаймын.

Сапалы жол – ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды көрсеткіші. Жол қатынасының қолайлы болуы тұрғындардың күнделікті тұрмысына, балалардың мектепке баруына, медициналық және басқа да қызметтердің қолжетімділігіне тікелей әсер етеді.

Ұялы байланыс пен интернет сапасын жақсартуды, ауылдық мекемелерді цифрландыруды және электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруды қолдау.

Шағын бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және инвестиция тарту арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашуды қолдау. Халықты жұмыспен қамтуға, кәсіптік оқытуға және жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мемлекеттік шараларды іске асыруға жәрдемдесу.

Мемлекеттік қолдау шараларының ауыл тұрғындары үшін қолжетімді болуына, кәсіп бастауға ниетті азаматтардың қажетті ақпарат пен кеңес алуына ықпал етемін.

Аудандық аурухананың жабдықталуын жақсартуға, бейінді дәрігерлердің қызметі мен шалғай ауылдардағы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға қол жеткізу. «Дипломмен ауылға» жобасын қоса алғанда, мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану арқылы медицина кадрларын тартуды қолдау.

Ауыл тұрғындарының тұрақты жұмыспен қамтылуы мен табыс көзінің артуы – әлеуметтік тұрақтылықтың басты кепілі. Осы бағытта жаңа жұмыс орындарын ашуға, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, жеке кәсіп бастауға ниетті азаматтарға мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы ақпараттың қолжетімді болуына ықпал етемін. Жергілікті кәсіпкерлердің ұсыныстары мен мәселелерін назарға алып, олардың бастамаларына қолдау көрсетілуіне атсалысамын.

Қоғамдағы әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, жалғызбасты қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше назар аудару қажет. Осы орайда әлеуметтік көмек көрсету тетіктерінің тиімді жүзеге асуына, мемлекеттік қолдау шараларының уақытылы әрі қолжетімді болуына ықпал етемін. Әрбір азаматтың өтініш-тілегін назардан тыс қалдырмай, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне қолдау көрсетуді маңызды міндетім деп санаймын.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Строительство набирает темпы: с какими результатами Казахстан подходит к Году Всенародной большой ст
  • Құрылыс қарқыны артып келеді: Қазақстан Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылына қандай нәтижелермен қад
  • 29 қараша-ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы
  • 29 қараша-ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы
  • 29 қараша-ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы