29 қараша-ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы

image.png

Саудабаев Азиз Муратұлы - 1992 жылы Бақанас ауылында дүниеге келген.

1999 жылы Б. Бейсекбаев атындағы орта мектептің табалдырығын аттап, 2010 жылы аталған білім ордасын тәмамдаған.

Жоғары білімді. 2010 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің құрылыс факультетіне мемлекеттік грант негізінде оқуға түсіп, 2014 жылы инженер-құрылысшы мамандығын үздік дипломмен аяқтаған.

Еңбек жолын 2013 жылы «Достық кеден бекетінің мұнай базасында» бастап, 2017 жылға дейін құйып-төгу операторы, тауар операторы, зертхана меңгерушісі және бас технолог қызметтерін атқарған.

2017 жылдан бастап ауыл шаруашылығы саласына бет бұрып, «СПК Плем Завод» кооперативінде зоотехник көмекшісі, кейіннен зоотехник болып еңбек еткен. Кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында 2018 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің мал шаруашылығы мамандығына оқуға түсіп, 2021 жылы аталған оқу орнын үздік дипломмен тәмамдаған.

2023 жылдан бері «Қапшағай МТС Сервис» ЖШС-нің құрылтайшысы әрі директоры қызметін атқарып келеді. Кәсіпорын жұмысы арқылы ауыл шаруашылығы саласының дамуына, мал азығын дайындау ісіне және ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтуға өз үлесін қосып келеді.

 

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына жылдық 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие беру аясын кеңейтуге, жеке қосалқы шаруашылықтарды, отбасылық кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға жәрдемдесу. Округ тұрғындарының бағдарламаға қатысуына қолдау көрсетіп, мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға қол жеткізу.

Шаруаларға жеңілдетілген қаржыландырудың қолжетімділігін арттыруға жәрдемдесу: «Игілік» және «Береке» бағдарламалары бойынша 3–6 пайыздық несиелер, кооперативтерге 7 жылға дейінгі несиелер, көктемгі егіс жұмыстарына «Кең дала» бағдарламасы бойынша 1 жылға 5 пайыздық несие, «Даму» қорының қолдау шаралары, сондай-ақ 7 жылға 5 пайыздық техника лизингі. Жайылымдық және егістік жерлерді әділ әрі ашық бөлуге, пайдаланылмай жатқан жерлерді ауыл тұрғындарының игілігіне қайтаруға қол жеткізу.

Шағын бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және инвестиция тарту арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашуды қолдау. Халықты жұмыспен қамтуға, кәсіптік оқытуға және жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мемлекеттік шараларды іске асыруға жәрдемдесу.

Аудандық аурухананың жабдықталуын жақсартуға, бейінді дәрігерлердің қызметі мен шалғай ауылдардағы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға қол жеткізу. «Дипломмен ауылға» жобасын қоса алғанда, мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану арқылы медицина кадрларын тартуды қолдау.

Бақанас аграрлық-индустриялық колледжінің жатақханасына күрделі жөндеу жүргізуге қол жеткізу. Округтегі мектептердің материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартуға, білім беру ұйымдарына баратын жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, балалар және спорт алаңдарын дамытуға басымдық беру.

Қарт адамдар, балалы отбасылар және мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз етуге күш салу. Әлеуметтік осал азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға және аудан мекемелерінде қолжетімді орта қалыптастыруға жәрдемдесу.

Бақанас ауылын қоса алғанда, аудан елді мекендерінде ұялы байланыс пен интернет сапасын арттыруға, заманауи оптикалық талшықты интернет желісін жүргізуге ықпал ету. Ауылдық мекемелерді цифрландыруға және тұрғындар үшін электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін кеңейтуге атсалысу.

Бақанас ауылындағы кинотеатрға күрделі жөндеу жүргізуге қол жеткізу. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Бақанас ауылы мен округтің елді мекендерін абаттандыруға, қалдықтарды жинау мен шығару жүйесін жақсартуға, көгалдандыруға және жайлы қоғамдық кеңістіктер құруға қол жеткізу.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және ауыл инфрақұрылымы:

Ауылдық елді мекендердегі жол, ауыз су, электр жарығы және табиғи газбен қамтамасыз ету мәселелерінің шешілуіне ықпал ету.

Ауылдардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған жобаларды қолдау.

Елді мекендердегі көшелерді абаттандыру, жарықтандыру, қоғамдық орындар мен балалар ойын алаңдарын жаңарту мәселелерін көтеру.

Ауылдардың санитарлық тазалығын сақтау, көгалдандыру және көркейту жұмыстарын жүйелі жүргізуге атсалысу.

Әлеуметтік маңызы бар нысандардың жөнделуі мен жаңғыртылуына, олардың тұрғындар үшін қолжетімді болуына ықпал ету.

Білім беру, балалар және жастар саясаты:

Ауыл мектептері мен балабақшалардың материалдық-техникалық базасын нығайту, ғимараттарының жағдайын жақсарту мәселелерін көтеру.

Білім беру ұйымдарындағы оқушылардың сапалы білім алуына және жан-жақты дамуына қажетті жағдай жасауға қолдау көрсету.

Жастарды жұмыспен қамту, олардың кәсіби білім алуына және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруіне ықпал ету.

Жас кәсіпкерлердің бастамаларын қолдап, мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдетілген қаржыландыру мүмкіндіктері туралы ақпараттың қолжетімді болуына атсалысу.

Ауыл мектептері мен балабақшалардың материалдық-техникалық базасын нығайту, ғимараттарының жағдайын жақсарту мәселелерін көтеру.

Білім беру ұйымдарындағы оқушылардың сапалы білім алуына және жан-жақты дамуына қажетті жағдай жасауға қолдау көрсету.

Жастарды жұмыспен қамту, олардың кәсіби білім алуына және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруіне ықпал ету.

Жас кәсіпкерлердің бастамаларын қолдап, мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдетілген қаржыландыру мүмкіндіктері туралы ақпараттың қолжетімді болуына атсалысу.

Балалар мен жасөспірімдер спортының дамуына, спорттық үйірмелердің жұмысын жандандыруға қолдау көрсету.

Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, мәдени-рухани және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған бастамаларды қолдау.

Аудан экономикасының негізгі тірегі саналатын ауыл шаруашылығы саласының дамуына, шаруа қожалықтары мен ауыл еңбеккерлерінің мүдделерін қорғауға атсалысу.

Халықтың өтініштері мен ұсыныстарын назардан тыс қалдырмау;

Суармалы егіншілікпен айналысатын шаруашылықтардың суға қолжетімділігін арттыру, су арналарының жағдайын жақсарту және су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелеріне назар аудару.

Ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәселелерін көтеру.

Ауыл тұрғындарымен тұрақты кездесулер өткізіп, олардың мұң-мұқтажы мен ұсыныстарын тікелей тыңдау. Әрбір тұрғынның өтінішіне жауапкершілікпен қарап, көтерілген мәселелердің шешілу жолдарын іздестіру.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Строительство набирает темпы: с какими результатами Казахстан подходит к Году Всенародной большой ст
  • Құрылыс қарқыны артып келеді: Қазақстан Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылына қандай нәтижелермен қад
  • 29 қараша-ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы
  • 29 қараша-ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы
  • 29 қараша-ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы