
Сабитов Бакыт Баймолдаевич - 1981 жылы 8 ақпанда Балқаш ауданының Бірлік ауылында дүниеге келген. 1998 жылы Бірлік ауылындағы орта мектепті тәмамдаған. 2004 жылы Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Агрономия» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы ауыл шаруашылығы саласында бастап, содан бері «Бірлік» агрофирмасы» ЖШС-де еңбек етіп келеді.
Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы саласында жемісті еңбек етіп, өзін жауапты әрі іскер маман ретінде танытып келеді. Сонымен қатар белсенді азаматтық ұстанымымен, ел ішіндегі сый-құрметімен, тұрғындардың мәселелерін шешуге қолдау көрсетуге деген жанашырлығымен ерекшеленеді.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына жылдық 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие беру аясын кеңейтуге, жеке қосалқы шаруашылықтарды, отбасылық кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға жәрдемдесу. Округ тұрғындарының бағдарламаға қатысуына қолдау көрсетіп, мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға қол жеткізу.
Шаруаларға жеңілдетілген қаржыландырудың қолжетімділігін арттыруға жәрдемдесу: «Игілік» және «Береке» бағдарламалары бойынша 3–6 пайыздық несиелер, кооперативтерге 7 жылға дейінгі несиелер, көктемгі егіс жұмыстарына «Кең дала» бағдарламасы бойынша 1 жылға 5 пайыздық несие, «Даму» қорының қолдау шаралары, сондай-ақ 7 жылға 5 пайыздық техника лизингі. Жайылымдық және егістік жерлерді әділ әрі ашық бөлуге, пайдаланылмай жатқан жерлерді ауыл тұрғындарының игілігіне қайтаруға қол жеткізу.
Шағын бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және инвестиция тарту арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашуды қолдау. Халықты жұмыспен қамтуға, кәсіптік оқытуға және жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мемлекеттік шараларды іске асыруға жәрдемдесу.
Аудандық аурухананың жабдықталуын жақсартуға, бейінді дәрігерлердің қызметі мен шалғай ауылдардағы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға қол жеткізу. «Дипломмен ауылға» жобасын қоса алғанда, мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану арқылы медицина кадрларын тартуды қолдау.
Бақанас аграрлық-индустриялық колледжінің жатақханасына күрделі жөндеу жүргізуге қол жеткізу. Округтегі мектептердің материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартуға, білім беру ұйымдарына баратын жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, балалар және спорт алаңдарын дамытуға басымдық беру.
Қарт адамдар, балалы отбасылар және мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз етуге күш салу. Әлеуметтік осал азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға және аудан мекемелерінде қолжетімді орта қалыптастыруға жәрдемдесу.
Бақанас ауылын қоса алғанда, аудан елді мекендерінде ұялы байланыс пен интернет сапасын арттыруға, заманауи оптикалық талшықты интернет желісін жүргізуге ықпал ету. Ауылдық мекемелерді цифрландыруға және тұрғындар үшін электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін кеңейтуге атсалысу.
Бақанас ауылындағы кинотеатрға күрделі жөндеу жүргізуге қол жеткізу. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Бақанас ауылы мен округтің елді мекендерін абаттандыруға, қалдықтарды жинау мен шығару жүйесін жақсартуға, көгалдандыруға және жайлы қоғамдық кеңістіктер құруға қол жеткізу.
Ауылдық елді мекендердегі жол, ауыз су, электр жарығы және табиғи газбен қамтамасыз ету мәселелерінің шешілуіне ықпал ету.
Ауылдардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған жобаларды қолдау.
Елді мекендердегі көшелерді абаттандыру, жарықтандыру, қоғамдық орындар мен балалар ойын алаңдарын жаңарту мәселелерін көтеру.
Ауылдардың санитарлық тазалығын сақтау, көгалдандыру және көркейту жұмыстарын жүйелі жүргізуге атсалысу.
Әлеуметтік маңызы бар нысандардың жөнделуі мен жаңғыртылуына, олардың тұрғындар үшін қолжетімді болуына ықпал ету.
Білім беру, балалар және жастар саясаты:
Ауыл мектептері мен балабақшалардың материалдық-техникалық базасын нығайту, ғимараттарының жағдайын жақсарту мәселелерін көтеру.
Білім беру ұйымдарындағы оқушылардың сапалы білім алуына және жан-жақты дамуына қажетті жағдай жасауға қолдау көрсету.
Мектеп асханаларындағы тағам сапасын, санитарлық талаптардың сақталуын және тамақтану жағдайын тұрақты бақылауға назар аудару.
Жастарды жұмыспен қамту, олардың кәсіби білім алуына және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруіне ықпал ету.
Жас кәсіпкерлердің бастамаларын қолдап, мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдетілген қаржыландыру мүмкіндіктері туралы ақпараттың қолжетімді болуына атсалысу.
Балалар мен жасөспірімдер спортының дамуына, спорттық үйірмелердің жұмысын жандандыруға қолдау көрсету.
Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, мәдени-рухани және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған бастамаларды қолдау.
Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік мәселелерін назарда ұстап, оларға көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру мәселесін көтеру.
Баспанаға мұқтаж көпбалалы отбасыларды, әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарды және тұрғын үй кезегінде тұрған тұрғындарды қолдау шараларының тиімді жүзеге асуына атсалысамын. Бұл бағытта тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс жүргізіп, тұрғын үй құрылысына жеке инвестиция тарту мүмкіндіктерін де қарастырамын.
Ауыл көшелерінің жағдайы – тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін маңызды мәселе. Сапалы жол – балалардың мектепке қауіпсіз қатынауына, тұрғындардың емханаға, жұмыс орындарына және басқа да қажетті нысандарға кедергісіз жетуіне мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығы – аудан экономикасының негізгі тіректерінің бірі. Сондықтан қарапайым шаруа қожалықтарының дамуына жағдай жасау, олардың мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізуіне көмектесу маңызды деп есептеймін.
Мемлекеттік субсидиялар мен жеңілдетілген несиелердің ірі шаруашылықтармен қатар шағын және орта шаруа қожалықтарына да қолжетімді болуына ықпал етемін. Шаруалардың құжат рәсімдеу, қаржыландыру бағдарламаларына қатысу және мемлекеттік қолдау алу барысында кездесетін мәселелерін тиісті мекемелер алдында көтеремін.
Аудандық аурухананың жабдықталуын жақсартуға, бейінді дәрігерлердің қызметі мен шалғай ауылдардағы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға қол жеткізу. «Дипломмен ауылға» жобасын қоса алғанда, мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану арқылы медицина кадрларын тартуды қолдау.
Жалғызбасты қарттардың, ардагерлердің және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстарға қолдау көрсету.
Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың өтініштері мен мәселелерін назардан тыс қалдырмай, тиісті мекемелермен бірлесе шешу жолдарын қарастыру.


