29 қараша-ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы

image.png

Оскенбаев Акбай Асанбайулы - 1976 жылы Көкжидe ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1997 жылы Алматы қаласындағы «Строймонтаж» компаниясында ағаш ұстасы болып бастаған. Аталған мекемеде 2010 жылға дейін табанды еңбек етіп, құрылыс саласында мол тәжірибе жинақтаған.

2010–2020 жылдар аралығында Береке ауылындағы «Тамшыбұлақ» ЖШС-нің күріш өңдеу зауытында жұмыс атқарған.

Қазіргі таңда Бақанас ауылындағы Б. Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясында абыройлы еңбек етуде.

Еңбекқорлығы мен жауапкершілігін басты ұстаным еткен ол өзіне жүктелген міндеттерді адал орындап, ұжым арасында сый-құрметке ие болып жүр.

 

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Менің аудандық мәслихат депутаттығына үміткер болудағы басты мақсатым – туған өлкеміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесімді қосу, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ету және халықтың талап-тілегі мен ұсыныс-пікірлерін билік өкілдеріне жеткізіп, олардың оң шешім табуына атсалысу.

Мен үшін депутаттық қызмет – жай ғана мәртебе немесе лауазым емес, ең алдымен, халық алдындағы үлкен жауапкершілік пен аманат. Сондықтан тұрғындар сенім білдірген жағдайда, сол сенімді ақтау жолында аянбай еңбек етіп, ауданымыздың өркендеуіне, ауылдарымыздың көркеюіне және әрбір отбасының әл-ауқатының артуына бар күш-жігерімді жұмсауға дайынмын.

Елдің дамуы ең алдымен ауылдың жағдайынан, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігінен басталады. Сондықтан мен өз жұмысымда халықтың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін мәселелерге басымдық беріп, олардың шешілуіне нақты ықпал етуді негізгі міндетім деп санаймын.

       

НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫМ:

1. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және ауыл инфрақұрылымы:

Ауылдық елді мекендердегі жол, ауыз су, электр жарығы және табиғи газбен қамтамасыз ету мәселелерінің шешілуіне ықпал ету.

Ауылдардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған жобаларды қолдау.

Елді мекендердегі көшелерді абаттандыру, жарықтандыру, қоғамдық орындар мен балалар ойын алаңдарын жаңарту мәселелерін көтеру.

Ауылдардың санитарлық тазалығын сақтау, көгалдандыру және көркейту жұмыстарын жүйелі жүргізуге атсалысу.

2. Білім беру, балалар және жастар саясаты:

Ауыл мектептері мен балабақшалардың материалдық-техникалық базасын нығайту, ғимараттарының жағдайын жақсарту мәселелерін көтеру.

Білім беру ұйымдарындағы оқушылардың сапалы білім алуына және жан-жақты дамуына қажетті жағдай жасауға қолдау көрсету.

Жастарды жұмыспен қамту, олардың кәсіби білім алуына және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруіне ықпал ету.

Жас кәсіпкерлердің бастамаларын қолдап, мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдетілген қаржыландыру мүмкіндіктері туралы ақпараттың қолжетімді болуына атсалысу.

Балалар мен жасөспірімдер спортының дамуына, спорттық үйірмелердің жұмысын жандандыруға қолдау көрсету.

Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, мәдени-рухани және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған бастамаларды қолдау.

3. Отбасы және әлеуметтік қолдау:

Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік мәселелерін назарда ұстап, оларға көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру мәселесін көтеру.

Жалғызбасты қарттардың, ардагерлердің және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстарға қолдау көрсету.

Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың өтініштері мен мәселелерін назардан тыс қалдырмай, тиісті мекемелермен бірлесе шешу жолдарын қарастыру.

Әйелдердің кәсіпкерлік бастамаларын қолдап, олардың қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік жасауға ықпал ету.

Отбасылық құндылықтарды нығайту, ана мен баланы қорғау, ұрпақ тәрбиесі бағытындағы игі бастамаларды қолдау.

4. Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлікті дамыту

Аудан экономикасының негізгі тірегі саналатын ауыл шаруашылығы саласының дамуына, шаруа қожалықтары мен ауыл еңбеккерлерінің мүдделерін қорғауға атсалысу.

Шаруалардың жер, су және жайылым мәселелерін тиісті деңгейде көтеріп, олардың шешілуіне ықпал ету.

Суармалы егіншілікпен айналысатын шаруашылықтардың суға қолжетімділігін арттыру, су арналарының жағдайын жақсарту және су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелеріне назар аудару.

Шағын және орта бизнесті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ауыл тұрғындарының кәсіпкерлікпен айналысуына қолайлы жағдай қалыптастыруға ықпал ету.

«Ауыл аманаты» секілді мемлекеттік бағдарламалар аясында ауыл тұрғындарына берілетін жеңілдетілген несиелер мен қолдау шараларының тиімді жүзеге асуына атсалысу.

Жеке қосалқы шаруашылықтарды, отбасылық кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту бастамаларын қолдау.

5. Денсаулық сақтау және экологиялық қауіпсіздік

Ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәселелерін көтеру.

Ауылдық медициналық мекемелердің материалдық-техникалық жағдайын жақсарту, қажетті мамандармен және медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге ықпал ету.

Іле өзенінің экологиялық жағдайына, су арналарының тазалығы мен суармалы жерлерді сумен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аудару.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясындағы тазалық, абаттандыру және табиғатты қорғау шараларына қолдау көрсету.

6. Халықпен ашық байланыс және қоғамдық бақылау

Ауыл тұрғындарымен тұрақты кездесулер өткізіп, олардың мұң-мұқтажы мен ұсыныстарын тікелей тыңдау. Әрбір тұрғынның өтінішіне жауапкершілікпен қарап, көтерілген мәселелердің шешілу жолдарын іздестіру.

Депутат ретінде тұрғындармен үнемі ашық байланыста болып, елдің көкейінде жүрген мәселелерді көтеруге, олардың шешілуіне ықпал етуге және әрбір бастаманың нәтижелі жүзеге асуына күш саламын. Айтылған сөз бен берілген уәденің артында нақты іс пен жауапкершілік тұруы тиіс деп есептеймін.

Халықтың сенімін ақтау – менің басты міндетім, ал туған өлкеміздің өркендеуіне үлес қосу – азаматтық парызым.

Біздің мақсатымыз ортақ – өркендеген аудан, көркейген ауыл, әл-ауқаты артқан отбасы және жарқын болашақ!

 

Халықпен бірге – нәтижелі іске!

Сіздердің сенімдеріңіз – менің жауапкершілігім!


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Строительство набирает темпы: с какими результатами Казахстан подходит к Году Всенародной большой ст
  • Құрылыс қарқыны артып келеді: Қазақстан Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылына қандай нәтижелермен қад
  • 29 қараша-ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы
  • 29 қараша-ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы
  • 29 қараша-ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы