
Октябров Умирсерик Надирович, Бақбақты ауылында туып-өстім. Мамандығым – тарих пәні мұғалімі.Қызметім №1 Жамбыл атындағы ЖОББ мектебі тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,тарих пәнінің мұғалімі.
Кәсіби қызметім білім саласында еңбек етіп жүрген ұстаз ретінде жас ұрпақтың сапалы білім алып,саналы тәрбие алуын ауыл болашағының басты кепілі деп санаймын.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
2027 жылы Бақбақты ауылындағы Т.Бокин және Едіге батыр көшелерінің түнгі жарықпен қамтамасыз етілуін және тағы 18 көшенің күрделі жөндеуді қажет ететін учаскелерін жөндеуге қол жеткізу. Аудандағы елді мекендер арасындағы көлік қатынасын жақсартуға, тұрғындардың көлікпен тұрақты жүріп тұруын қамтамасыз етуге және жолдарды сапалы күтіп ұстауға жәрдемдесу.
Т.Рысқұлов көшесінің тозған инженерлік желілерін жөндеуге қол жеткізу. Ауылдық елді мекендерді электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуге және көшелерді жарықтандыру аясын кеңейтуге ерекше көңіл бөлу.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2026-шы жылғы 28-ші қазандағы жариялаған Жолдауын басты назарға алып, ауылда шағын және орта бизнестің дамуына ықпал ету.«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие беру аясын кеңейтуге, жеке қосалқы шаруашылықтарды, отбасылық кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға жәрдемдесу. Ауыл тұрғындары үшін мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға қол жеткізу.
Жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету, ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту және ауыл шаруашылығы қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мәселелерінде ауыл тұрғындарының мүддесін қорғау. Жергілікті фермерлер мен жеке қосалқы шаруашылықтардың өнімдерін сатуға арналған, тиісті түрде жабдықталған алаң құруға қол жеткізу.
Шағын бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және инвестиция тарту арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашуды қолдау. Халықты жұмыспен қамтуға, кәсіптік оқытуға және жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мемлекеттік шараларды іске асыруға жәрдемдесу.
Ауылдық аурухананың күрделі жөндеуден өтіп жабдықталуын жақсартуға, бейінді дәрігерлердің қызметі мен шалғай ауылдардағы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға қол жеткізу. «Дипломмен ауылға» жобасын қоса алғанда, мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану арқылы медицина кадрларын тартуды қолдау.
Бақбақты ауылындағы мектептің материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартуға, білім беру ұйымдарына баратын жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қол жеткізу. 2027 жылы Ы.Алтынсарин көшесіндегі мектепке апаратын жолдарды ретке келтіруге, сондай-ақ балалар және спорт алаңдарын дамытуға басымдық беру.
Қарт адамдар, балалы отбасылар және мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз етуге күш салу. Әлеуметтік осал азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға және аудан мекемелерінде қолжетімді орта қалыптастыруға жәрдемдесу.
Баспанаға мұқтаж көпбалалы отбасыларды, әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарды және тұрғын үй кезегінде тұрған тұрғындарды қолдау шараларының тиімді жүзеге асуына атсалысамын. Бұл бағытта тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс жүргізіп, тұрғын үй құрылысына жеке инвестиция тарту мүмкіндіктерін де қарастырамын.
Ауыл көшелерінің жағдайы – тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін маңызды мәселе. Сапалы жол – балалардың мектепке қауіпсіз қатынауына, тұрғындардың емханаға, жұмыс орындарына және басқа да қажетті нысандарға кедергісіз жетуіне мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығы – аудан экономикасының негізгі тіректерінің бірі. Сондықтан қарапайым шаруа қожалықтарының дамуына жағдай жасау, олардың мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізуіне көмектесу маңызды деп есептеймін.
Мемлекеттік субсидиялар мен жеңілдетілген несиелердің ірі шаруашылықтармен қатар шағын және орта шаруа қожалықтарына да қолжетімді болуына ықпал етемін. Шаруалардың құжат рәсімдеу, қаржыландыру бағдарламаларына қатысу және мемлекеттік қолдау алу барысында кездесетін мәселелерін тиісті мекемелер алдында көтеремін.
Сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға, жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуға, мал және егін шаруашылығымен айналысатын азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейтуге қолдау көрсетемін.
Округтегі кәсіпкерлердің ұсыныстары мен мәселелерін назарға алып, олардың заңды мүдделерін қорғауға және кәсіпкерлік қызметті дамытуға кедергі келтіретін мәселелерді шешу жолдарын іздестіруге атсалысамын.
Нәтижесінде жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін арттыруға және аудан экономикасының нығаюына үлес қосуды көздеймін.
Спортпен шұғылданатын балалар мен жастардың аудандық, облыстық және республикалық жарыстарға қатысуына қолдау көрсетіп, олардың жол шығындары мен қажетті ұйымдастыру мәселелерін шешуге ықпал етемін.
Жер – ауылдың негізгі байлығы, ал оны тиімді пайдалану – экономикалық дамудың маңызды шарты. Ауыл маңындағы және аудан аумағындағы мақсатты пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтап, оларды заң аясында мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жандандыру мәселесін көтеремін.
Бұл бастама ауылдағы жер ресурстарын тиімді игеруге, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ауыл тұрғындарының табысын арттыруға мүмкіндік береді деп сенемін.
Отбасылық құндылықтарды нығайту, ана мен баланы қорғау, ұрпақ тәрбиесі бағытындағы игі бастамаларды қолдау.
Аудан экономикасының негізгі тірегі саналатын ауыл шаруашылығы саласының дамуына, шаруа қожалықтары мен ауыл еңбеккерлерінің мүдделерін қорғауға атсалысу.
Шаруалардың жер, су және жайылым мәселелерін тиісті деңгейде көтеріп, олардың шешілуіне ықпал ету.
Суармалы егіншілікпен айналысатын шаруашылықтардың суға қолжетімділігін арттыру, су арналарының жағдайын жақсарту және су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелеріне назар аудару.
Шағын және орта бизнесті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ауыл тұрғындарының кәсіпкерлікпен айналысуына қолайлы жағдай қалыптастыруға ықпал ету.
«Ауыл аманаты» секілді мемлекеттік бағдарламалар аясында ауыл тұрғындарына берілетін жеңілдетілген несиелер мен қолдау шараларының тиімді жүзеге асуына атсалысу.
Жеке қосалқы шаруашылықтарды, отбасылық кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту бастамаларын қолдау.
Ұялы байланыс пен интернет сапасын жақсартуға, сондай-ақ ауданның шалғай елді мекендеріндегі қамту аясын кеңейтуге қол жеткізу.
Ауылдық мекемелерді цифрландыруды және электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруды қолдау.
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында Хван көшесін абаттандыруға, қалдықтарды жинау мен шығару жүйесін жақсартуға, елді мекендерді көгалдандыруға және жайлы қоғамдық кеңістіктер құруға қол жеткізу.


